Актюбинская областьГлавное

«Бізге гипноз істеді»: Ақтөбеде халықты несиеге батырған бақсы әйел ұсталды

Ақтөбеде емші әйел жүздеген адамды алдап, аттарына несие рәсімдетіп, ақшаны өзінің қалтасына басып отырған. Тұрғындардың алды 23 млн теңге, ең азы 1 млн теңге несие алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Емшінің арбауына түсіп қалғандардың айтуынша, бақсы әйел гипноз әдісін қолданған. «Банкке барып, қалай несие алып бергенімді білмей қалдым» дейді жәбірленушінің бірі.

Ақтөбе полициясы келушілерге несие  рәсімдеткен емшіге қатысты қылмыстық іс қозғағағанын хабарлады.

«Ақтөбе облысының полиция департаменті  аса ірі көлемде алаяқтық жасау дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуде. Іс бойынша бүгінгі күні отызға жуық жәбірленуші бар. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында Ақтөбе қаласында дәстүрлі емес медицинамен айналысқан әйел емделуге келушілерін әртүрлі сылтаулармен алдау арқылы оларға несиелер рәсімдеткені анықталды. Қазіргі уақытта күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу  жалғасып жатыр», — деп жауап берді полициядан.

Другие новости

Back to top button