АлматыВыбор редакцииСпорт

Екінші республикалық #АуылФутболAWARDS марапаттау рәсімі Алматы қаласында 25-ші қаңтарда өтеді

2025 жылдың 25 қаңтарында #АуылФутбол жобасында басты оқиғалардың бірі — #АуылФутболAWARDS-2024 үздіктерін марапаттау рәсімі өтеді. Шараның бас демеушісі – «Халық» Қайырымдылық қоры.

#АуылФутболAWARDS премиясы ауылдағы футбол ойнауға ынталы, талантты балаларды қолдауға, футболды спорт түрі ретінде кеңінен насихаттауға, сондай-ақ балалардың футбол ойнауға құлшынысын арттыруға бағытталған.

#АуылФутболAWARDS-2024 премиясы 15 номинация бойынша өтеді:

«Әлеуметтік желілердегі үздік парақша»
«Үздік клуб менеджері»
«Үздік төреші»
«Үздік қоғам белсендісі»
«Үздік ұйымдастырушы»
«Үздік жаттықтырушы»
«Үздік команда»
«Жыл серпіні» номинациясы
«Үміт» номинациясы
«Fair play» номинациясы
«Үздік қақпашы»
«Үздік қорғаушы»
«Үздік жартылай қорғаушы»
«Үздік шабуылшы»
«Жылдың үздік футболшысы» — #АуылФутбол «алтын добы» иегері.

Марапаттау алғаш рет 2024 жылдың көктемінде жобаның бас демеушісі – «Халық» қайырымдылық қорының қолдауымен өтті. #АуылФутбол жобасының жетекшісі Серік Мәмбетовтің айтуынша, бұл шара ауқымды ,жылдың айтулы оқиғаларының бірі болмақ.

«Өткен жылы мұндай марапатты армандаған болсақ, серіктесіміз – «Халық» қайырымдылық қорының арқасында арманымыз орындалып, биыл АуылФутбол AWARDS премиямыз екінші рет өткізіліп отыр. Өткен жылғы AWARDS жобаға оң әсерін тигізді — балалар мен жаттықтырушылар, атааналар, менеджерлер, демеушілер және жергілікті мемлекеттік органдар белсенділік танытып АуылФутбол жобасының дамуына үлесін қосты. Бас демеуші – «Халық» қайырымдылық қорына, қордың негізін қалаушы Тимур Асқарұлы Құлыбаевқа алғысымыз шексіз. Осы көмектің арқасында ауылдық жерлерде балалар футболының болашағы жарқын, келешегі зор деген сенімдеміз», — деді С.Мәмбетов.

Жеңімпаздарды «Арман ауыл» қорының Қамқоршылық кеңесі анықтайды. 25 қаңтарда өтетін қорытынды шарада кешке арнайы шақырылған атақты футболшылар, кәсіпкерлер, қоғам қайраткерлері, саясаткерлер мен танымал журналистер үздіктерді «Халық» қайырымдылық қорының статуэткаларымен, дипломдары және ақшалай сыйлығымен марапаттайды.

#АуылФутбол жобасы 2020 жылы іске қосылды. Идея авторы журналист және қоғам қайраткері Серік Мәмбетов. Жобаның негізгі мақсаты ауылдағы балалар футболын қолдау. Оның қызметі барысында 180 нен астам команда қаржылай қолдауға ие болды, екі ауылда алаң салынып, жаттықтырушылар
үшін ондаған семинар-тренингтер өткізілді. 2023 жылдың қараша айында #АуылФутбол жобасы «Халық» қайырымдылық қорымен бірге ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандум аясында еліміз бойынша 100 ауылдық балалар футбол командасы қажет форма мен құрал-жабдықпен қамтылып, 100 ауыл жаттықтырушысының УЕФА-ның D санаты бойынша біліктілігі көтерді.
Оңірлерде «Halyk Open Cup — 2024» атты 14 турнирі ұйымдастырылып, Алматы облысында Республикалық турнир өтті.

Ерекше атап өту керек, осы уақытқа дейін «Халық» қайырымдылық қоры Тимур және Динара Құлыбаевтардың қолдауымен еліміздегі білім, денсаулық, спорт, әлеуметтік салалардағы 120-дан астам жобаға 85 млрд теңгеден астам қаржы бағыттады.

Өтетін орны: молл APORT EAST (Алматы қ., Құлжа тас жолы, 106)
Басталуы: сағат 16:00
Телефон арқылы аккредиттеу: 8747 263 58 84 (Мадина)

Другие новости

Back to top button