Главное

Түркияда қонақүйден шыққан өртте бір әулеттің 14 адамы мерт болған: Ердоған көзіне жас алды

Түркия курортындағы қонақүйден шыққан өртте бір әулеттің 14 адамы мерт болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz CNN Türk-ке сілтеме жасап.

МӘН-ЖАЙ

Зехра Сена Гюльтекин – Turkish Airlines компаниясының сату бөлімінде қызмет еткен. Ол күйеуі, үш баласы және тоғыз туысымен курортқа демалуға келген. Олар қысқы каникул кезінде демалыс уақытын өткізуге келген. Зехра өрт шыққан кезде анасына хабарласып, кешірім сұрап үлгерген.

ЕРДОҒАН КӨЗІНЕ ЖАС АЛДЫ

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қаза тапқандарды ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне қатысып, көзіне жас алды. Бұл туралы Hürriyet басылымы жазды. Ел басшысы сегіз отбасына көңіл айтқан. Жалпы, соңғы деректер бойынша, курорттағы қонақүйден шыққан өрттен 79 адам қайтыс болған.

ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒА

21 қаңтарға қараған түні Түркияның Болу провинциясындағы Карталкая тау шаңғы курортында алапат өрт шығып, ондаған адам қаза тапты.

Бұған дейін елдің ішкі істер министрі Әли Ерликай өрт кезінде 51 адам зардап шеккенін, олардың жартысы ауыр жағдайда хабарлаған. Құрбандар саны кейін одан көп екені белгілі болды. Өрт Grand Kartal қонақүйінің 12-ші қабатынан жергілікті уақыт бойынша сағат 03:27-де шыққан. Кейбір деректер бойынша, қызыл жалын 11-ші қабаттан басталған. Қазір Түркияда жалпыұлттық екі апталық каникул басталды. Шаңғы маусымы қызған уақыт болғандықтан курорттағы қонақүйде 234 адам болған.

Болу губернаторы Абдулазиз Айдын алдын ала болжам бойынша өрт қонақүйдегі мейрамханадан шығып, жоғарғы қабаттарға қарай ұласқанын хабарлады. Қонақүй қаладан алы орналасқандықтан өрт шыққан кезде өртсөндірушілердің ғимарат орналасқан аймаққа жетуі қиын болған.

Құтқару операциялары таңға дейін жалғасты.

ӨРТ ҚАЙДАН ШЫҚҚАНЫ БЕЛГІСІЗ

Әзірге өрттің нақты неден шыға бастағаны белгісіз. Түркияның әділет министрі Йылмаз Тунч бұл істі зерттеуге прокуратура да кіріскенін айтқан.

Другие новости

Back to top button