«Қызтекелерге Дональд көкеден сәлем». Парламент депутаттары ЛГБТ-ға қарсы өре түрегелді
Еділ Жаңбыршин ЛГБТ-ны қолдап, мәжіліс депутаттарына ақпараттық шабуылдарды ұйымдастырған тұлғаларды тауып, жазалауды ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“ДОНАЛЬД КӨКЕДЕН СӘЛЕМ”
Депутат Жаңбыршин кеше ғана әлемдік саясатта елеулі орын алып, бүкіл халықаралық қауымдастықты өзіне қаратқан АҚШ президентінің ресми ұлықтау рәсімі өткенін еске салд. Осы күнге дейін әлемнің көптеген елдерінде адам құқығын қорғау, либералдық көзқарасты қалыптастыру мен азаматтық қоғам орнатуды көздеген құрама штаттарда 47-ші президент Дональд Трамп бұдан былай екі жынысты бекіткенін айтты. Яғни АҚШ-та ер мен әйел жынысы заңмен шегеленген.
Бұл – ЛГБТ-ға, яғни табиғи жаратылысқа қарсы жынойнақ топтарға біз түгілі, енді АҚШ-та заңмен тыйым салынады деген сөз. Бұл жаңалық Батысты өздеріне қорғаушы санап жүрген қызтекелерге төбелерінен жай түскендей болғаны анық. Осы тұста, барлық қызтекелерге «Дядя Дональдтан» жалынды сәлем! – дейді депутат.
Жаңбыршин АҚШ президентінің шешімі мәжіліс депутаттарының ЛГБТ-ға қарсы ұстанымымен ұштасқанын айтады.
Өйткені біз мәжіліске келгелі бері ұлтымыздың болашағына балта шауып жүрген азғын жолмен күресіп келе жатырмыз. Мен білетін Үкіметке кемінде бірнеше нақты депутаттық сауал жолданды. Оған қоса, ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салуды көздейтін арнайы заң нормаларын да әзірледік. Алайда, осы әрекеттерімізге кейбір шенеуніктер батыс елдері өкілдерінің «демократияны шектеп жатырсыңдар», «адам құқығын таптап жатырсыңдар» деген ұстанымдарын желеу қылып, қарсылық білдірді, – дейді ол.
ҮКІМЕТКЕ ҰСЫНЫС
Жаңбыршин ЛГБТ өкілдері және олардың сыбайластары депутат әріптестеріе және олардың отбасыларына әлеуметтік желіде, бұқаралық ақпарат құралдарында жаппай ақпараттық шабуылдар ұйымдастырғанын айтады.
Бірақ бұл күресте біз жалғыз қалған жоқпыз. Көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар, жалпы қоғам бізді қолдап E-petition.kz мемлекеттік платформасында ЛГБТ насихатына қарсы петиция жариялады. Небәрі 2 аптада петиция 50 мың қол жинағанын білеміз. Бұл нені көрсетті?! Бұл ұлттық болмысымызға жат, ЛГБТ ағымына халықтың ашық қарсы екендігін көрсетті. Ал Парламент бірінші кезекте халықтың мүддесін ескеріп, оны нақты заңнамамен іске асыруы тиіс, – дейді депутат.
Жаңбыршин үкіметке жоғарыда аталған петиция талаптарын толық қанағаттандыруды, соған сәйкес тиісті шараларды қарастыруды, ЛГБТ-ны қолдап, мәжіліс депутаттарына ақпараттық шабуылдарды ұйымдастырған тұлғаларды тауып, жазалауды ұсынды. Жаңбыршин сөзін “Парламент мәжілісінің депутаттары” деп аяқтады.
ЗАЙЫТОВТЫҢ САУАЛЫ
Бұған дейін дәл осындй сауалды депутат Ринат Зайытов үкіметке жолдаған еді. Айтыскер ақын өзінің сауалын шегіне жеткен шыдамның, тапталудан төзімі таусылған намыстың, ащы дауысы деп түсінуді сұраған.