Павлодарда ер адам екі жасар қыздың бұғанасын сындырған
Павлодарда ер адам екі жасар қыздың бұғанасын сындырған. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
16 қаңтарда облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлімшесіне әйел 2022 жылы туған баласында иық тұсының ауырсынуымен жүгінген.
« Кезекші травматолог баланы тексерді. Рентген екі бұғана сүйектерінің жабық сынуын көрсетті. Анасының айтуынша, бір күн бұрын бала төсектен құлап кеткен. Дәрігерлер таңғыш қойып, амбулаториялық бақылауға жіберді. 17 қаңтарда сағат 11:35-те анасы баласымен қабылдау бөлімшесіне қайта оралып, онымен бірге тұратын ер адам қызын ұрып-соққанын айтты», – деді облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметінде.
Екі бұғанасының сынуынан басқа, қыздың қол-аяқтарында, іш қуысында және құлақтарда көптеген көгеру мен гематома бар екені анықталды. Облыстық полиция департаментінде бұл жағдайда қатысты түсінік берді.
«Денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», – деді департаментте.
Өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенева жәбірленушілермен кездесті.
«Тергеу мәліметтері бойынша, анасымен бірге тұратын ер адам екі жасар қызына дене жарақатын салған. Бала үйде дәрігерлердің бақылауында», – деді Сәуле Шәкенева.
Бұл жағдай Сәуле Шәкеневаның жеке бақылауында. Ол қыздың анасымен байланыста болатынын жеткізді.