Культура
Бибігүл Төлегенова мерейтойлық турын Қарағандыдан бастады: әкім ерекше суреттерді жария етті
Аңыз адам, Қазақстанның халық әртісі Бибігүл Төлегенова өзінің мерейтойлық турын бастады. Ел ішіндегі тур Қарағанды облысынан басталған, деп жазады Azattyq Rýhy
Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаев арнайы пост жазып, халық әртісінің ерекше суреттерін жариялаған.
«Қарағандыда аты аңызға айналған әнші, халық әртісі Бибігүл Ахметқызы Төлегенованың мерейтойлық турының алғашқы концерті өтті. Қарағанды осы мерейтойлық турдың бастапқы нүктесі болды және біз үшін бұл зор құрмет», — деген Бөлекбаев әншіге зор денсаулық, амандық пен бақ-береке тілеген.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін хабарлағынымыздай, аты аңызға айналған қазақтың әншісі Бибігүл Төлегенова 95 жас мерейтойын атап өткен болатын.