Социум

Оралда туған қазақ баласын канадалық отбасы асырап алып, оны мықты хоккейші еткен (ВИДЕО)

Осыдан бір апта бұрын Канаданың астанасы Оттава қаласына барған Қазақстанның жас хоккейшілері алты айында шетелдік адамдар асырап алған қазақ баласын тауып, оны дәл сол күнгі туған күнімен құттықтаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Логан есімді қазақ баласы биыл 17 жасқа толды, оны небары алты айлық нәресте кезінде Канадада тұратын ерлі-зайыптылар асырап алған. Оның дамуына көңіл бөлген отбасы Логанды мықты хоккейші етіп тәрбиелеген екен.

«Мен Орал қаласында туғамын. Ата-анам, яғни, Джефф пен Бетина мені алты айлық кезімде асырап алып, Канадаға әкелген екен. Мен Торонтоның солтүстігінде өстім және 3 жасымнан бастап хоккей ойнаймын. Қазір Қазақстаннан келген хоккейшілермен бір ойнап көрдім. Кезінде, 2018-2019 жылдары Қазақстанның құрамасы Канадада өткен жастар чемпионатына бірінші рет келгенде оларға жанкүйер болдым», — дейді Логан.

Ал, Қазақстанның жас хоккейшілері Логанды туған күнімен құттықтап, әдемі сыйлық табыстаған. Достықтың нышаны ретінде олар Логанды ойынға шақырып, бір алаңда жаттыққан.

Другие новости

Back to top button