Культура
«Әйелге бар жауапкершілікті артып қою дұрыс емес»: әнші Жазира Байырбекова гендерлік теңдік мәселесін көтерді
Танымал әнші Жазира Байырбекова гендерлік теңдік мәселесін көтеріп, жұртқа ой салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол Instagram парақшасында жазған мәселе бойынша көпшіліктің ойын білді.
«Отбасының берекесі – әйелде деп келдік. Нәзік жанды әйелге бар жауапкершілікті артып қою дұрыс емес қой, иә?!
Отбасының берекесі екі адамға да байланысты», — деп жазды Жазира Байырбекова.
Әншінің бұл жазбасына көпшілік ойларын білдірді.
«Өте орынды айтылған. Отбасының берекесі екі адамға байланысты», «Еркек – бас, әйел – мойын, дейді ғой, дегенмен де үйдің берекесі әйелге байланысты», «Отбасының берекесі екі адамға да байланысты. Отбасының дұрыс болуында ер адамның ролі өте үлкен», «Ер адам ақылмен әйел адамды бағындырады да, тыңдатады да, көндіреді де. Бірақ сондай еркек азайып бара жатқандай», — деп жазды желі қолданушылары.