Культура
«Сенің пікірің керек еді бізге»: Димаштың әкесі Қанат Айтбаев ресейлік блогерге жауап жазды
Ресейлік блогер Илья Варламовтың Астана туралы жағымсыз пікіріне әнші, Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев пікір қалдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ресейлік танымал блогер Илья Варламов қазақстандық журналиске берген сұхбатында Астана жайсыз, өмір сүруге арналмаған қала екенін айтты.
«Бұл қалада өмір сүру өте жайсыз. Урбанистика жағынан жағдайы мүшкіл. Серуендеуге де қолайсыз. Бұл бойынша көп жаздым. Маған ұнамайды. Астанаға тек шаруа бойынша ғана келемін», — деді Варламов.
Блогер пікіріне Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат айтбаев пікір қалдырған.
«Сенің пікірің керек еді бізге. Астана — өте көркем, әсем қала. Ұнамаса — келме. «Асын ішіп, аяғына түкіру» дейді мұндайды», — деп жазды Қанат Айтбаев.