Госорганы

Бақтыда Қазақстанның жүздеген жүк көлігі Қытайдан бері кіре алмай тұр

Жүргізушілер Қазақстанның кеденшілері елге кіргізбей тұрғанына шағымданады. «Бақты Қазақстанға емес, Қытай мен Ресейге жұмыс істеп отыр ма сонда?» дейді олар, деп жазады Ulysmedia.kz.

Жүргізушілер Ulysmedia порталына Бақты кеден бекетінен видеоларды жіберіп жатыр. Онда жүргізушілердің шағымы көрсетілген. Олардың айтуынша, жүздеген көлік Қытайдан Қазақстанға бері өте алмай қалған.

– Қазақстан Қытайдың көліктерін шақырып, кіргізіп жатыр. Май таситын, жаңа көліктерін кіргізіп жатыр да, біздің қазақтың балалары анау жерде тұр. 10-12 күн бойы тұрғандар бар ішінде. Қазақстаннан ары кеткенде 10 көлік қана кіргізеді. Қайтадан тұрып қалады. Қазақстан жақ мүлде жұмыс істеп тұрған жоқ, – дейді шағымданады жүргізушілер.

Қытайдың кеденшілер Қазақстан тарапының кеденшілеріне сілтеген. Жүргізушілер мәселені тезірек реттеуді талап етеді. “Бақты кімге жұмыс істейді өзі? Қазақстанға емес, Қытай мен Ресейге қызмет ететін секілді” дейді ашуланған жүргізушілердің бірі.

Другие новости

Back to top button