Выбор редакцииИнтервью

Салтанат Нүкенованың әкесі желтоқсан оқиғасында істі болып, бірнеше жылға сотталған (ВИДЕО)

Марқұм Салтанаттың анасы Жұмагүл Нүкенова журналист Дана Нұржігітке берген сұхбатында жолдасы Амангелді желтоқсаншы болғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ryhy.

«Біз Амангелді (Нүкенов-авт.) екеуміз Целиноград қаласының ауыл шаруашылығы институтына бірге оқуға түстік. Жылдың соңына қарай үйленеміз деп жоспарладық. 16-17 желтоқсанда көтеріліс оқиғалары болады. Ол ұйымдастырушылардың бірі болып, 5 институтты басына көтерген. Плакаттармен көшеге шыққан. Кейін оның достары Амангелдіні ұстап алып кеткенін айтты. Сот болып, оны ұйымдастырушы ретінде 3 жылға соттады», — дейді Нүкенова.

Нүкенованың айтуыша, олар желтоқсан айында үйленбек болған. Алайда осы жағдайдан кейін ол тұңғышын өмірге әкелерде жалғыз болған.

«Осы жағдайлар болып жатқан кезде менің аяғым ауыр еді, сөйтіп 1987 жылы тұңғышымды босанғанда ол жанымда бола алмады. Кейін оны Павлодарға ауыстырды. Мен ұлыммен бірге Целиноградтан Павлодарға барып тұрдым. Әкем де маған «желтоқсаншының «әйелісің» деп айтатын», — дейді ол.

Еске салсақ, экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтіргені үшін 24 жылға сотталып кеткен еді.

 

Другие новости

Back to top button