Культура

«Ахметжан Есімов Қайрат Нұртастың концерт беруіне рұқсат еткен жоқ»: Әлішер Елікбаев Прайм-плазадағы оқиғаны есіне алды

Танымал блогер Әлішер Елікбаев әнші Қайрат Нұртастың Прайм-плазадағы оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желі жұлдызы әншінің шығармашылығын жоғары бағалайтынын “Айқап” подкастында жеткізді.

“2013 жылы Айсұлтан Назарбаевтың тойы болып жатқанда Қайрат Нұртастың Прайм-плазадағы шуы басталған еді. Достық даңғылының жоғары жағында үйлену тойы болып жатты. Қаланың төменгі көшесінде әншінің концерті жанжалға ұласты. Сол кезде алматылықтардың бірінші сұрағы: “Қайрат Нұртас деген кім?!” болды. Көбі танымайды екен. Ол кезде мен журналист болып жұмыс істеймін. Қайратты редакцияға шақырып, орысша сұхбат алайық дедім. Бірақ ол келіспей, қазақша беремін деді. Анасымен де сөйлестік. Ақыры қазақша сұхбат беріп, оны біз орысшаға аудардық. Мықты әнші екеніне көзім жетті. Орыстілді орта ғана Қайрат Нұртасты онша танымайды екен. Шығармашылық жолына кедергі көп болды”, – деді блогер.


Сондай-ақ, Алматы қаласының сол кездегі әкімі Ахметжан Есімов Қайрат Нұртастың концерттерін өткізуге тыйым салғанын да жасырмады.

“Сен Алматыда концерт бермейсің, сенің кім екеніңді танымаймыз” деп Ахметжан Есімов Қайрат Нұртасқа ашуланды. Енді концерт бермейді деп эмоцианалды шешім шығарды. Өйткені жоғары жақтағы той қатар өтіп жатқан еді. Бірақ сұхбаттың орысша нұсқасын оқығаннан кейін халықтың Қайратты қалай жақсы көретініне көзі жетті. Жалпы, Есімов әншінің шығармашылығына тосқауыл болғаны жасырын емес”, – деді Елікбаев.

Еске салайық, «Республика сарайына кіргізбей қойған» деп Нұртас Айдарбеков ұлы Қайрат Нұртастың аяғынан шалушы көп екенін жасырмаған еді.

Другие новости

Back to top button