«Тұрмысқа таяқ жеу үшін шыққан жоқпын»: Ринат Шамшырақтың бұрынғы әйелі ажырасу себебін айтты
Желіде қарындасымен ән айтып танылған Ринат Шамшырақ ажырасып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өзінен алты жас үлкен әйелге үйленген танымал жас әнші Ринат Шамшырақтың жары, кәсіби визажист Аружан Төре ажырасқандарын растады.
“Ақыры ажырасу туралы бастапты, осы уақытқа дейін кім не десе де үндемей шыдап келдім. Мен жылап депрессияда отыратын адамдардың қатарынан емеспін. Бірден осындай шешім қабылдаған жоқпын. Ұзақ ойландым. Енді бұрынғыдай жасырып қалатын нәрселерді жасырып, жақсы көрсетуге тырыспаймын. Оның отбасында бір адамға не істесем де жақпадым. Екі жастың ортасына ешкім басын сұқпау керек, оң мен солымды ажырата алатын жастамын. Мен жалғыз емеспін, өсіп келе жатқан ұлым үшін өмір сүремін, тұрмысқа таяқ жеу үшін шыққан жоқпын. Біздің ажырасуымыздың себебі осы болды. Әрбір әйел шынайы бақытты болуға лайықты. Менің жүрегім тыныштықты қалайды, күнде ондай қырғынмен өмір сүргім келмейді. Осыған дейінгі өмір өтті, бітті! Қосылмаймыз, қосылмаймын да. Маған енді ұят емес!», – деп жазды визажист.
Еске салайық әнші бір баласы бар келіншекке үйленуіне анасының қарсы болғанын айтқан еді.
“Анам басқаша көзқараста болды. Анам «сенен үлкен ғой, болашағың алда» деді. Мен жарайды дей салдым. Сөйтіп туысқандар күнде хабарласып ренішін айтты. Туысқан ағаларыммен бірге өнерде ақыл сұрап, кеңесетін аға-әпкелерім “өзіңнен үлкен қыз керек емес” деп ақылын айтты. Тығырыққа тіреліп, басымның қатқаны рас. Өте қиын кезең болды”, – деген еді әнші.