Госорганы

Алаяқтар Аида Балаеваның дауысын салып, елден ақша сұрап жүр

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева соңғы уақытта алаяқтар жасанды интеллектінің көмегімен оның дауысын салып, ақша сұрап жүргенін мәлім етті, хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министр бөтен нөмірлерден келген смс-терді елемей, бейтаныс нөмірлерді бұғаттап отырыңыздар деп ақыл айтты.

«Кейінгі уақытта белгісіз біреулер менің атымнан таныс және бейтаныс адамдарға жасанды интеллектінің көмегімен дауыстық хабарламалар жіберу жағдайлары жиілеп кетті. Сіздерден осындай хабарламаларды елемеуді, бейтаныс нөмірлерді бұғаттауды сұраймын. Бұл – алаяқтардың әрекеті. Алданып қалмаңыздар», — деп жазды министр.

Другие новости

Back to top button