Шымкент

«110 млн теңге пара беруге итермелеген»: Шымкентте судьяны соттағалы жатыр

Шымкент қаласында қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясын тергеу ісі аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АНТИКОРДАН АҚПАРАТ 

Агенттіктің хабарлауынша, судьямен қатар бірнеше адам тергелген. Олар алаяқтық жасады, үкім шығарған кезде жазасын жеңілдету үшін сотталушының жұбайын 110 млн теңге мөлшерінде пара беруге итермеледі деп айыпталған.

ІС СОТҚА ЖОЛДАНДЫ

Бас прокуратура 5 желтоқсанда қылмыстық істі сотқа жолдаған. Антикор қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын хабарлайды. Сот үкімі шыққанша судья мен басқа да сотталушылар кінәсіз екенін ескертеді.

Другие новости

Back to top button