«Ажырасқан әйелдерді түсінгендеймін»: Жанқош Тұраровтың әйелі желіде жан сырын ақтарды
Танымал боксшы Жанқош Тұраровтың әйелі, блогер Клара Иса жеке өмрінен сыр шертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желі жұлдызы қыз-келіншектердің жеке табысы болуы керегін айтып, оқырмандарынан қолдау білдіруді сұрады.
“Тұрмыс құрғанға дейін әкемнің табысына өмір сүрдім. Тұрмысқа шыққаннан кейін жолдасымның табысын ойланбай шашып, өмір сүрдім. Менің ойыма осы күнге дейін өз табысың болуы керек деген ой кірмепті. Жұмыс немесе тіршіліксіз отырған емеспін. Бірақ оны тек хобби деп қана қарадым. Әйел адамның өз табысының болуы маңызды дүниелер қатарында екенін түсіндім. Өмірде түрлі жағдайлар болады. Тірлік жасаймын деген адамдарға қаншалықты қолдау білдіру керегін ұқтым. Ажырасқан әйелдерді қалай тау қопаратынын көріп, түсінгендеймін. Мен сіздерден қолдау күтемін”, – деп жазды боксшының әйелі.
Еске салсақ, бұған дейін боксшы Жанқош Тұраровтың қыз зорлады деген күдікке ілінгені туралы жазған едік. Алайда боксшы желідегі парақшасында ақпаратты жоққа шығарды.
Ал Жанқош Тұраров зорлады деп арыз жазған Әнару Құрманәлі есімді ару танымал композитордың қызы болып шықты.
Одан кейін «Есікті күзетіп, түнімен хабарласады» деп Жанқош Тұраровтың әйелі Әнару Құрманәлінің әрекетіне ашуланған еді.
Фото:https://www.instagram.com/klarita_os/