Госорганы

Жастардың оқуына жылдық 2-3% жеңілдікпен несие берілмек

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында отандық жоғары оқу орындарының сапасы артқан сайын олардағы білімнің құны да өсетінін айтты.

Президенттің сөзінше, оқуға жылдық 2-3 пайызбен жеңілдікті несие берілмек.

Сондықтан мемлекет білім беру гранттарын бөлуді жоспарлап отыр, ол ҰБТ нәтижелеріне және басқа да көрсеткіштерге байланысты мөлшері бойынша – 30-дан 100 пайызға дейін сараланады. Сонымен қатар оқуға жылдық 2-3 пайызбен жеңілдікті несие берілмек. Бұл шаралар жоғары білімді қолжетімді етеді. Сонымен бірге қоғамдағы серіктестік пен өзара жауапкершілік идеологиясын күшейтеді.

Сонымен қатар оның айтуынша, елдің басты міндетінің бірі – жастарды қолдау. Елімізде жастарға да жеңілдікпен несие беріледі.

Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі. Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасқа жұмыс беруіміз керек. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіле бермек. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал етеді.

 

Другие новости

Back to top button