«Майордың тапсырысымен соққыға жығылған»: Жаркенттегі офицердің өліміне қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалды
Жаркентте 74261 әскери бөлімі инженерлік қызметінің 27 жастағы бастығы Дархан Дәулеттің қазасына қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды. ІІМ әскери тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғап, батальон командирі мен үш мерзімді әскери қызметкер тұтқындалып, бөлімше командирі қызметінен шеттетілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қайғылы жағдайдан кейін мемлекет басшысының өкімімен құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы Асан Жүсіпов қызметінен босатылды.
Оқиға 14 қарашаға қараған түні Дарханның кезекшілігінде болған. Түнгі бірде әскери бөлімнің аумағынан зорлық-зомбылықпен өлім белгілері бар офицердің денесі табылды. Туыстарының айтуынша, жігіттің қол-аяғы байланған, басы сынған.
Бас әскери прокуратураның хабарлауынша, «Әскерге шақырылушыларға қатысты оның өліміне әкеп соқтырған бастықты ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық көрсету” фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Батальон командиріне қатысты «Ауыр зардаптарға әкеп соқтырып, билігін шектен тыс қолдану» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысы әскери прокурорлардың бақылауында, басқа мәліметтер жарияланған жоқ.
“Капитан Дархан Дәулеттің туыстарына материалдық көмек көрсетіледі. Атап айтқанда, 295 360 теңге жерлеуіне, бес жылдық еңбекақысы көлемінде өтемақы – 15 032 160 теңге төленеді”, – деп хабарлады қорғаныс істері жөніндегі департамент.
Еске салсақ, бұған дейін Жаркенттегі әскери бөлімшеден капитанның мәйіті табылғаны туралы жазған едік. Мұрқұмның туыстары оны үш сарбаз майордың тапсырмасымен соққыға жығып өлтіргенін алға тартты. Қорғаныс министрлігі мұндай нұсқаны жоққа шығарды. Кейін сол іске қатысты 4 адамның қамауға алынғаны айтылды.