Маңғыстауда автобус жылқыны қағып кетті: апаттан бірнеше адам зардап шекті (ФОТО)
Апат Қаражанбас тас жолында болған. Мұнай компаниясының қызметкерлері мінген шағын автобус тасжолға шығып кеткен жылқыны қағып кетті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Басылымның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы кеше, 27 қарашада Қаражанбас-Ақтау тас жолында болған. Мұнай компаниясының қызметкерлерін Қаратұрын кен орнына тасымалдаған автобус жылқымен соқтығысқан.
«Оқиға салдарынан төрт қызметкер жарақат алды, ал бір адам қатты зардап шекті. Ол екі аяғын сындырып алды. Жәбірленуші облыстық ауруханада жатыр», — деді куәгерлер.
Полиция департаменті автобус жүргізушісі адам денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарына немесе басқа мүлікке зиян келтіруге әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылғанын хабарлады.
Сараптама тағайындалды. Оның нәтижелеріне сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы мәселе қаралатын болады.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатын жануар иесінің жеке басын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.