Культура

«Жас қызбен көрдім»: Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат Нұртасқа қатысты ойын бөлісті

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жұбайы Қайрат Нұртасқа қатысты сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі оқырмандарымен сырласып, оларды қызықтырған сұрақтарды жауапсыз қалдырмады.

“Қайратты жас қызбен көргенде, “мынаның әйелі бар емес пе” деп ойлап қаламын”, – деп жазды бір оқырман.

“Мен де кейде солай ойлап қаламын. Оның әйелі кім еді?! Белгілеп кетіңіздерші”, – деп әзілдеді актриса.


Одан кейін өнер иесі кенже ұлы Ханның туған күнімен құттықтаған көпшілікке алғыс білдірді.

“Хан 10 жаста! Бойы, ойы өсіп, талғамы өзгерген. Бұл – заңдылық. Бірақ кенжемнің үлкен жігіт болып қалғанын көзіммен көрсем де, жүрегімде әлі бөпе. Балапаным, ғибратты ғұмыр кеш. Құттықтап жатқан жандарға мың алғыс”, – деп жазды кинопродюсер.

Еске салайық, Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылып қалған Жұлдыз Әбдікәрімованың ісіне қатысты пікір білдірген еді.

Другие новости

Back to top button