Культура

«Шашым зақымдалып қалды»: Жұлдыз Өмірғали не үшін парик киіп жүргенін түсіндірді

Танымал әнші Жұлдыз Өмірғали сахнаға не себепті парик киіп шығатынын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі оқырмандарының көп қоятын сұрағына жауап берді. Сөзінше, шашын түрлі техникалық құралдармен бұйралау зақым келтіріп, түсе бастаған.

“Шашыма қатысты өз ойымды бөлісе отырайын. Соңғы 1 жылда менің түсірілімге қажетті құралдарымның бірі «парик» болып кетті. Себебі, қанша түсірілім болса, сонша рет шашқа түрлі зақым келтіретін құралдар пайдаланады. Ол жерде лак не гель туралы айтып та тұрған жоқпын. Мұның барлығы, әрине кері әсерін алып келеді. Шаш ұштанады, сынады, әлсізденіп, ренкі кетеді. Ұзын шашты қаласаңыз, жоғарыда айтылып кеткеннің бәрін аз мөлшерде пайдаланыңыз. Ал мен ай сайын шашымды бояп тұруым керек. Себебі шашыма ақ түсті. Оған қоса неше рет шашыма рең беретін бояумен боядым. Бәрі-бәрі көңіл күйді түсіреді. Қазіргі таңда осы парик арқылы шашым жақсы бір қалыпқа келіп қалды. Сондықтан, көп сұрақ туындамас үшін жауап беруді жөн көрдім», – деп жазды әнші.

Еске салайық, шетелдік дәрігерлер шаштың түсуіне әсер ететін әдеттерді анықтады. Дәрігерлердің айтуынша, ыстық су шашқа кері әсер етіп, оларды сынғыш етеді. Сонымен қатар, жоғары температура бас терісінің қорғаныш қабатын зақымдайды.

«Бас терісі, ішектеріңіз сияқты бактериялар мен саңырауқұлақтардың нәзік тепе-теңдігіне ие. Теріде бірдеңе теңгерімсіз болған кезде, зиянды бактериялар мен саңырауқұлақтар көбейіп, қабынуға, қайызғаққа, себореялық дерматитке, шамадан тыс құрғақ немесе майлы бас терісіне әкелуі мүмкін», – деген еді Гауниц.

Другие новости

Back to top button