Талғардағы атышулы “Хутор” бандысының басшысы деп танылған Хасан Қасымбаев қамаққа алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, 4 қарашада Алматы облысы Қонаев қаласының мамандандырылған тергеу соты Хасан Қасымбаевқа қатысты бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтінішхатты қарады.
Сот қаулысымен күдікті Хасан Қасымбаев екі айға қамауға алынды.
Еске салсақ, «Хутор» бандасының жетекшісі деген Хасан Қасымбаев ұсталғаны туралы хабарлаған едік. Кейін оның Ережесіз жекпе-жек спортшысын аяусыз ұрып жатқан видеосы тарап, не үшін ұсталғаны белгілі болды. Сонымен қатар күні кеше, Хасан Қасымбаевтың анасы ұлының жазықсыз екенін айтып, президенттен көмек сұрады.