Западно-Казахстанская область

Оралда қалалық соттың төрағасы пара алып жатқан жерінен ұсталғаны туралы ақпарат тарады

Оралда қалалық соттың төрағасы Руслан Жұмағұлов пара алып жатқан жерінде ұсталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Уральские недели» Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Аталмыш басылым сол сияқты екі адвокат ұсталғанын да жазды.

«1,5 миллион теңге көлеміндегі пара сотталған азаматқа қатысты оң шешім шығару үшін арналған», — делінген материалда.

Жедел-тергеу іс-шараларын ҰҚК орталық аппаратының және Батыс Қазақстан облысындағы департаменттің қызметкерлері жүргізетіні айтылды.

Сот сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Жұмағұлов 2019 жылғы 31 желтоқсанда президент жарлығымен төраға қызметіне тағайындалған.

Другие новости

Back to top button