Северо-Казахстанская область

Кәсіпкерлер астығын өткізетін элеватор таппай жүр, ал АШМ элеваторларда орын көп дейді

СҚО диқандары жинап алған астығын элеваторға өткізе алмай жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Салдарынан мол өнім қар мен жаңбырға тиіп, шіри бастаған.

ҮНДЕУ

СҚО Айыртау ауданы Светлое елді мекенінің тұрғыны, жеке кәсіпкер әлеуметтік желіде жазба жариялап, президенттен көмек сұрады.

Диқан ашық аспан астында биылғы астық үйіліп жатқан қырманын көрсетіп, жағдайды айтып берді.

Ана жерде бидай жатыр, әрі қарай арпа үйілген. Осылайша жиналған астықты қырманда сақтауға тура келіп жатыр. Мұның бәрі бүлініп, шіріп жатыр. Өйткені жақын маңдағы элеваторлардың барлығы толық, бидайды қабылдамай жатыр. Олар артатын вагондар жоқ дейді. Былтырғы жыл да қиын болды. Жинап алған астықты былтыр да дұрыс іске жарата алмадық. Биыл оқиға қайталанып жатыр. Сіз  бұл неге жүйелі түрде қайталанатынын анықтап, тәртіпке салсаңыз екен. Бұл жүйелі түрде жылдан жылға қайталанатын мәселе, шешілмей жатыр. Күзгі орақ басталғанда біздегі бар вагондар жоқ болып кетеді. Элеваторлар бірден толып қалады. Жақсы өнім алған жылы үнемі осылай. Мәселені шешуіңізді сұраймын, – дейді кәсіпкер.

ЖАҒДАЙ КҮРДЕЛІ

Оның айтуынша, жағдай күрделі. Өйткені кредиторлар да жан-жақтан қарызды қайтаруды сұрап жатыр.

Камаз көлігінің жүргізушілері бидайды жақын маңдағы элеваторға жеткізу үшін әр келісіне 5 теңге сұрайды. Делдалдар бидайды элеваторға кіргізу үшін әр келіге 10 теңге алады. Бидайдың өз бағасы – 40 теңге. Соның жартысын элеваторға кіргізу үшін беру өте қымбат. Сондықтан шара қолданып, жағдайды реттеуді сұраймын, – дейді ауыл тұрғыны.

АШМ НЕ ДЕЙДІ

Ал ауыл шаруашылық  министрлігі «жаңа егіннен алынған астықты сақтауға арналған элеваторларда 7,6 млн тонна бос орын бар» дейді.

Бүгінгі таңда орташа өнімділігі 16 ц/га болған жағдайда, 26,6 млн тонна дәнді және бұршақ дақылдары бастырылды. Республикадағы астық сақтау қоймаларының жалпы сыйымдылығы 30 миллион тонна, бұл осы жылдың астығын сақтауға жеттілікті. Лицензияланған астық сақтау қоймаларын пайдалану коэффициенті 42%, бос көлемі 7,6 млн. Негізгі астықты аймақтарда бос қуат көрсеткіштері де тұрақты деңгейде – дейді министрлік.

Қостанай облысы: 1,6 млн тонна;

Солтүстік Қазақстан облысы: 1,8 млн тонна;

Ақмола облысы: 2,5 млн тонна бос орын бар.

Солтүстік Қазақстан облысында сыйымдылығы 74,6 мың тонна болатынтын «Ащыкөл элеваторы» ЖШС, Қостанай облысында «Олжа Денисовское 1» ЖШС-нің сыйымдылығы 173 мың тонналық элеваторы іске қосылды. Қазіргі уақытта астық қабылдау жүріп жатыр – делінген министрлік ақпаратында.

МӘСЕЛЕ ТУСА

АШМ астық сақтауға немесе элеваторлардың жұмысына қатысты сұрақтар болса, ауылшаруашылығы бөліміне хабарласу керектгігін ескертті:

Қостанай облысы:
— облыс әкімінің орынбасары Әбенов Арман+7 (7142) 575-010
— Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Бекмұхамедов Ибрагим +7 (7142) 54-27-95
Солтүстік Қазақстан облысы:
— облыс әкімінің орынбасары Марат Тасмағанбетов +7 (7152) 46-46-84
— Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Токужинов Даурен +7 (7152) 53-36-20
Ақмола облысы:
— облыс әкімінің орынбасары Балпан Мұрат+7 (7162) 29-72-80
— Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Әлімжанов Кеңеш + 7 (7162) 72-28-00.

Другие новости

Back to top button