Карагандинская область

Саран қаласы үш аптадай жылусыз отырды: Тоқаев Қарағанды облысының әкіміне сөгіс берді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевқа сөгіс жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жылыту маусымына дайындық жұмыстарына тиісінше бақылау жасамағаны үшін Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевқа сөгіс берді», — деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында.

Естеріңізге салайық, қазан айының ортасында Қарағанды облысындағы Саран қаласы жылусыз отырғаны белгілі болды. Қаладағы орталықтандырылған жаңа қазандықтан ақау шыққан. Жаңа қазандыққа республикалық бюджеттен 9 млрд теңге бөлінген еді. Өңірдегі жағдайды бақылауға алу үшін энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Саран қаласына барды.Арада үш аптадай уақыт өткенде Саран қаласына жылу берілді.

Артынша жылуға жауапты шенеуніктер жазаланды. Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов басында қатаң сөгіс алып, кейін жылу беру маусымының басталуында олқылық жібергені үшін қызметінен босатылды.

Қарағанды облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Тілектес Досаевқа қатаң сөгіс жарияланды, ал облыс әкімінің бірінші орынбасары Азамат Тайжановқа ескерту алды.

Айта кетері, Қарағанды облысында, соның ішінде Саран қаласында жылу беру маусымы 1 қазанда басталған

Другие новости

Back to top button