Культура
«Ешқашан ер-азаматтан жоғары бола алмайды»: әнші Зарина Омарова әйел адамның орны жайлы айтты
Әнші Зарина Омарова Айнұр Ілиясоваға берген сұхбатында әйел адам өзінің орнын білуі керек екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
«Барлығы өз орнымен, уақытымен. Әр адам өз орнын білуі керек. Әйел адам да өз орнын білуі керек. Өз намысыңды, өзіңді таптатқызбау керек. Менің әжемнің әкемнің тәрбиесі солай, бойымда қалыптасып кеткен. Қазірдің өзінде көбі жеке шекара туралы көп айтады. Бірақ ешқашан әйел адам ер азаматан жоғары бола алмайды. Қандай қызмет етсең де, кім болсаң да жоғары бола алмайды. Себебі ол о бастан ер-азамат. Қазір неше түрлі еркектер де бар. Ондай еркектерді айтып отырған жоқпын. Менің ұғымымдағы ер-азамат басқа», — дейді ол.
Омаров ондай азамат көп сөйлемейтін, өз сөзінде тұра алатынын жеткізді.
«Ал осындай қасиеті жоқ ер азаматпен сөйлеспеу керек», — дейді Зарина Омарова.