«Ақыл-есі кем балалардың мектебіне ауыстырыңыз»: Роза Әлқожа 15 жастағы ұлы жайлы айтты
Танымал әнші Роза Әлқожа 15 жасқа толған баласын құттықтап, жан-сырын ақтарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Сары күзде сары алтынның туған күні. Кеше ғана бөпе болып еркелеп жүрген жігіт бүгін 15-ке толды. Үлкен жігіт болды. Анасы ылғи алыста, бір жерде жүргендіктен кішкентай кезінде тұйық болып өсті. Оқуда үлгерімі ойландырды. Бұл жағынан бізге Астанадағы 56-лицейдегі мұғалім Эльмира Қабышқызы көп көмектесті. Осында бір мұғалім «балаңыз 42 әріпті танымайды, ақыл-есі кем балалардың мектебіне ауыстырыңыз» деген. Бір-ақ күнде көшіп кеткенбіз. Эльмира апайы екі-ақ күнде түгел әріп танытты», — деп жазды әнші.
Роза Әлқожа атағандай, ұлы екі жылда төртпен оқитын оқушыға айналды.
«Астанадан қимай қайтқанымыз да содан. Қазір бұл жігіт бірінші сыныпта шығып кеткен мектебінде 9-сыныпта оқиды. Күмәнданғандар, кекеткендер айта берсін, бұл жігіт әлі әлемді мойындатады. Мен құлыныма сенемін. Ақылына, пайымына сенемін. Жабы көрініп, тұлпар шығатын жүйріктер болушы еді ғой?! Бұл соның өзі. Жасың құтты болсын.Ғұмырың ұзақ болып, бақытты жан бол», — деп жазды әнші.