Госорганы
Дубайдан қымбат үй алған экс-шенеуніктер: Қаржы министрлігі олардың декларациясын әлі тексермеген
Дубайдан бір емес, бірнеше үй алған Қазақстанның бұрынғы және қазіргі шенеуніктерінің декларациясы Қаржы министрлігі тарапынан тексеріледі. Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен брифингте министр Мәди Тәкиев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
БАҚ өкілдері тарапынан Қаржы министріне Дубайдан қымбат жылжымайтын мүлік сатып алған бұрынғы және қазіргі шенеуніктердің декларация тапсырғаны, салық төлегені туралы сұрақ қойылды.
«Біз оны (зерттеуді – ред.) қарадық, көрдік. Бірақ әлі бақылаған жоқпыз. Декларацияны қарап шығайық, біз әлі камералдық бақылау жасаған жоқпыз. Бірақ қарап шығу жоспарымызда бар», — деді Тәкиев.
Егер экс-шенеуніктер мүлігін декларацияда көрсетпегені және салық төлемегені анықталса, қандай шаралар қолданылады деген сауалға министр «енді оны дұрыстап анықтау керек» деп қысқа қайырды.