Госорганы

Қазақстанның оңтүстігінде күн суытады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, суық антициклонның еліміздің солтүстік аймақтарына әсер етуі жалғасады. Жауын-шашын тоқтағанына қарамастан, термометр бағандары алдағы түндері минусты көрсетеді. Күндізгі уақытта күн 7-10 градус аралығында жылы болады.

Антициклон шығысқа қарай жылжып, күндізгі және түнгі уақыттары ауа температурасы төмендеп, жаңбыр қарға ұласады.

Елдің оңтүстік-шығыс аймағында да күн суытады.

Другие новости

Back to top button