Алматинская областьГлавное

Алматы облысының полициясы Талғардағы қылмыстың видеосы өшірілмегенін мәлімдеді

Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында Талғар ауданындағы қайғылы оқиға болған жерден бейнебақылау камераларының жазбалары өшірілді деген жалған ақпарат тарауда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полция департаментіне сілтеме жасап.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде барлық қолда бар бейнежазбалар полиция тарапынан тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына заттай дәлел ретінде тіркелгенін хабарлаймыз», — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта тергеу барысында барлық бейнежазбалар зерттеліп, оқиғаға қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады.

Бейненің бар екендігі туралы ақпаратты растау ретінде постқа скриншот қоса берілді.

Другие новости

Back to top button