Атырауская область

Атырау облысында биыл 65 жасөспірім жүкті боп қалған

Атырау облысында биыл 65 жасөспірім жүкті боп қалған. Былтыр ерте жүктіліктің 48 жағдайы тіркелген. Көпшілігі – 15 пен 17 жас аралығындағы қыздар. Мамандар 12,13 жасында да ересектік өмірге қадам басатын жағдайларды да жоққа шығармайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Астана арнасына сілтеме жасап.

«Жүктілікті бәрі бірдей баланы босанумен аяқталып жатпайды. Себебі 70 пайызға дейін жасанды түсікпен аяқталуы мүмкін. 15 пайызға дейін табиғи түсік болады. Ал 15 пайыздайы босану мен аяқталу жағдайы болып жатады. жасөспірімдер арасындағы жүктіліктің алдын алу үшін біріншіден отабсындағы тәрбиеге байланысты, балаәрпйым ата ананың көзінен таса болмауы керек», — деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Алмира Сабырғалиева.

«Ана үйі» ресурстық орталығының үйлестірушісі Гүлфариза Ғұбашева өзі еңбек еткен он жыл ішінде мектепте оқып жүріп жүкті боп қалған 3 жасөспірімнің Аналар үйін паналағанынын айтады. Олардың біреуі балалар үйінің түлегі, екеуі – туыстарының қамқорында болған қыздар. Бір қызығы, соңғы екі жағдайда да бесіктен белі шықпаған қыздарды жүкті қылған жігіттерге туыстары кешірім беріп, істі жылы жапқан.

16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу дерегімен былтыр 4, ал биыл 7 қылмыстық іс қозғалған. Жеті жағдайда да полицияға жасөспірімнің ата-ана, туыстары емес, медицина қызметкерлері хабарлапты.

«Бұл қыздардың жүктілігі тұрғылықты жері бойынша әйелдер консультациясының есебіне тұруға барған кезде медицина қызметкерлерінің полицияға хабарлауы арқылы анықталған болатын. Олардың бесеуі тұрмыс құрғандар. Қазіргі уақытта 5 іс айыптау актісімен сотқа жолданса, 2 іс тергелуде», — деді облыстық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Айнұр Махметова.

Қаралатын істердің көпшілігі екі жақтың келісімімен, жастардың үйленуімен аяқталады,- дейді мамандар.

Другие новости

Back to top button