ГлавноеТуркестанская область
Түркістан облысында Мемлекет басшысының кортежі бағыты бойынша қару-жарақ сақталған жасырын жер анықталды
Түркістан облысында Мемлекет басшысының кортежі жүріп өтетін бағытты тексеру барысында ІІМ, ҰҚК және ҚР МКҚ қызметкерлері атыс қаруы сақталған жасырын жерді анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және күдікті тұлғаларды ұстау бойынша қажетті жедел-іздестіру және тергеу шаралары жүргізілуде», — делінген хабарламада.
Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.