Госорганы

Қазақстандағы су тасқыны: Үкімет апат салдарымен күреске қатысты деректерді баяндады

24 қыркүйекте үкімет отырысында шенеуніктер 2024 жылы орын алған су тасқынынан кейін атқарылған жұмыстардың нәтижесімен бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тасқын кезінде 120 мың адам эвакуацияланған

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов су тасқыны кезінде 120 мың адамның эвакуацияланғанын атап өтті. Зардап шеккендердің барлығына біржолғы төлем берілген, сонымен қатар қираған немесе жойылған мүлік үшін өтемақы төленіпті.

Бұдан бөлек 9 мыңнан аса үйді жөндеуге қаржы бөлініп, тағы 6 мыңға жуық пәтер мен үй сатып алынған. Өз сөзінде Бектенов тасқыннан кейін қабылданып жатқан шаралар әр отбасының пікірін ескере отырып іске асырылғанын атап өтті.

«Осы күнге дейін азаматтарда  сұрақтар мен проблемалар болуы мүмкін. Сондықтан әкімдіктерге жедел желі жұмысын тоқтатпай, жергілікті халықтың сұрақтарын шұғыл қарап, шешуді тапсырамын», – деді ол.

Олжас Бектенов үкімет отырысы барысында биыл күздің соңына дейін елді мекендер айналасында топырақ үю, құбырлар мен арықтарды тазалау, гидротехникалық құрылыстарды тексеру және су жіберу каналдарын дайындау жұмыстарын жүргізу қажет екенін мәлімдеді.

Тасқыннан кейін 12,6 миллиард теңгеге біржолғы өтемақы төленді

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев үкімет отырысы барысында 34 мыңнан аса адам 100 АЕК көлемінде біржолғы төлем алғанын мәлімдеді. Бұл үшін барлығы 12,6 миллиард теңге бөлінген. 21 880 отбасыға келтірілген материалдық залалдың өтемі ретінде 10 миллиард теңге көлемінде өтемақы берілген. Ал тасқыннан зардап ешккен шаруалардың өтініші 2025 жылдың 1 сәуіріне дейін қаралады.

Кәсіпкерлер тарапынан су тасқынынан кейін 260 миллиард теңге демеушілік қаражат жиналған. Өнеркәсіп министрі Қанат Шарлапаевтың сөзінше, тасқыннан кейін 2680 үйдің құрылысы басталған. Бүгінде 2576 үйдің құрылысы аяқталыпты. Сондай-ақ 5767 үй сатып алынған. Министрдің сөзінше, жаңадан салынған үйлерге 2 жыл кепілдік беріледі.

Көлік министрі Марат Қарабаевтың сөзінше, биыл көктемде болған су тасқыны республикалық маңызы бар құны 8,5 миллиард теңге болатын жолдарды шайып кеткен. Су тасқынының салдарын жою үшін, жолдар мен құрылыстардың бүлінген учаскелерін қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр екен.

Айтуынша, барлық аумақтардағы жөндеу жұмыстары құрылыс маусымы аяқталғанға дейін тәмамдалады.


«Батыс Қазақстан облысының әкімдігі 26 нысанды қалпына келтіруге мемлекеттік резервтен бір миллиард теңге көлемінде қаражат бөлуге есеп-қисап дайындады. Қазіргі уақытта министрлік қаулы жобасына келісу рәсімін жүргізіп жатыр», – деді министр.

Су ресурстары министрі Нұржан Нұржігітов су тасқынын болжау және модельдеу үшін flood.garysh ақпараттық жүйесі 2024 жылдың соңына дейін іске қосылатынын хабарлады.

«Ақпараттық жүйе стратегиялық шешімдер қабылдау үшін тиісті болжамдарды модельдеуге мүмкіндік береді. Яғни картада құзыретті органдар ұсынатын болжамды мәндерге сәйкес келетін ықтимал су тасқыны қаупі аймағын елестету мүмкіндігі қолжетімді болады», – деді ол.

Ал төтенше жағдайлар министрді Шыңғыс Әрінов апат кезінде көз жұмған жеті адамның неге тасқын құрбандары қатарына қосылмағанын түсіндірді.

“Барлығы 120 мың адам эвакуацияланды, бұлар құтқарылғандар. Бірақ эвакуациядан соң су басқан аймаққа қайта оралып, қандай да бір қайлығы жағдай орын алса, оны апат салдары категориясына қоса алмаймыз”, – деді Әрінов.

Другие новости

Back to top button