Культура

«Біреудің айтқанымен өмір сүрмеймін»: Дина Төреәлі оқырмандарына ашуланды

Белгілі блогер Дина Төреәлі өмір сүруді үйреткен оқырмандарын орнына қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желі жұлдызының сөзінше, көп адам жеке өміріне араласа беретін болған.

“Ананы салшы, мынаны бүйтші” дейтіндер көбейген. Бұл – біреуге өмір сүруді үйрету. Көп адамға осы нәрсе үйреншікті болып қалған. Біреуге қалай өмір сүруді үйретуге хақылымыз деп ойлайды. Мен біреудің айтқанымен өмір сүрмеймін. Біреудің көңілі үшін бірдеңе жасамаймын. Әр адамның өз таңдауы бар. Маған қандай еркіндік берілсе, сізге де сондай еркіндік берілген. Жеке парақшамды қалай жүргіземін, өзім білемін. Сізге ұнамаса, қарамаңыз. Ол – сіздің еркіндігіңіз”, – деп жауап берді блогер.


Сондай-ақ орынсыз сын айтатын оқырмандарына да ескерту жасады.

“Адамның көңіліне қарамай сөйлейтіндерге ренжісең: “Ел алдында жүрген соң сынды көтеру керек” деп шығады. Ел алдында жүрген адам сіздердің сындарыңды көтеруге міндетті емес. Біреуге мін айтатындай ешкім емеспіз. Адамдар өз өмірлерін қалауынша сүре алатындай болса екен. Өзгенің өмірі – өзінікі. Басқаның өмірі сізді қызықтырмағанда шын өмір сүре бастайсыз. Әр бақытты өміріңізді көресіз”, – деп жазды желі жұлдызы.

Еске салайық, «7 миллионды бір аптада жаратып тастадым» деген Дина Төреәлі қаржы сауатының жоқ екенін жасырмаған еді.

Другие новости

Back to top button