Госорганы

«Төсектен тұрғанда өсек тыңдамаңыз»: Қанат Бозымбаев журналистерге ақыл айтты (ВИДЕО)

Бүгін үкімет отырысынан соң брифинг өткізген премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев өзіне сұрақ қойған журналистке ақыл айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Журналист оған «сіз премьер-министр болады деген болжам көп айтылды. Бұл жөнінде өзіңіз не ойлайсыз?» деген сұрақ қойған еді.

«Сізге бір кеңес берейін. Таңертең төсектен тұрғанда, өсек тыңдамаңыз», — деді Қанат Бозымбаев.

Айта кетейік, Қанат Бозымбаев су тасқынынан кейін премьер-министрдің орынбасары лауазымына тағайындалып, тасқынның салдарын жоюға жауапты адам болды.

Журналист вице-премьерге «мен таңертең тұрғанда, өсек тыңдамаймын» деп жауап берді.

Другие новости

Back to top button