Образование

Қазақстандық оқушылардың ата-аналарына қауіпті ойындардың тізімі бар хабарлама жіберілді: Балалардың смартфонынан нені өшіру керек

Қазақстанда мектеп әкімшілігі қандай ойындардың балалар үшін қауіпті екенін айтып, ата-аналарға одан сақтанудың жолын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мектеп әкімшілігі балаларды қауіпке итермелейтін ойындардың түрлі жарақаттарға әкелуі мүмкін екенін ескертті.

“Бұл мазмұны ата-аналарға көріне бермейтін, мобильді қосымшаларда жасырылған шағын ойындар болуы мүмкін. Telegram және TikTok әлецуметтік желілерінен «Бізбен ойна!” деген шақыртулар келуі ықтимал. Мұндай үндеулерді Ozon-да сатылатын 18+ кітаптардан да табуға болады. Бұлардың ең қауіптісі: “ «Тихий дом», «Разбуди меня в 4:20»,  «Море китов», «Синий кит», «Красный дельфин «, «Млечный путь», «U19», «F57″, » SchoolBoy RunaWay -Stealth», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ мектеп басшылығы қауіп-қатердің алдын алу үшін балалармен жиі сөйлесіп, олардың қандай ойын ойнайтынын бақылауға алуға кеңес береді.

  • Контентті бақылауға алу. Балаңыз ойнайтын ойынды үнемі тексеріңіз. Ойынның баланың жасына сай келетінін анықтау үшін рейнтінгін қарап, шолу жасаңыз;
  • Ереже орнатыңыз. Балаңызбен қандай ойындарға рұқсат етілетінін, қайсысын ойнауға болмайтынын талқылаңыз. Ойындарға шектен тыс қызығушылығы артпас үшін уақытпен шектеу қойыңыз;
  • Сыни ойлауын дамытыңыз. Баланы ойын мазмұнын талдауға үйреткен жөн. Ойындарда көрсетілгеннің бәрі шынайы өмірде бола бермейтінін және қауіпсіз емес екенін түсіндіріңіз;
  • Бірге ойнаңыз. Балаңызға уақыт бөліп, берге ойнаңыз. Бұл олардың қандай ойын ойнайтынын жақсы түсінуге және қауіптің алдын алуға көмектеседі;
  • Мінез-құлқына мән беріңіз. Балаңыздың мінез-құлқында қандай өзгерістер барын бақылаңыз. Егер ойыннан соң ол ашушаң әрі тұйық бола бастаса, ойнап жүрген ойындарын ауыстырыңыз;
  • Ата-ана бақылауын қолданыңыз. Қажетсіз әрі орынсыз ойындар мен контентке телефондағы ата-ана бақылауын орнатыңыз;
  • Басқа балалардың ата-анасымен талқылаңыз. Өзге ата-аналармен талқылап, тәжірибеңізбен бөлісіңіз. Олар қандай ойындарды қауіпсіз деп санайды, соны біліңіз.

Мектеп әкімшілігі ата-аналардан балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ойындар әлемінде дұрыс таңдау жасауға көмектесуін сұрайды. Сондай-ақ мектептегі әр сыныпта «Компьютерлік ойындардың пайдасы мен зияны» тақырыбында пікірталас жүргізіп, ата-аналармен және оқушылармен бірге киберқауіпсіздіктің алдын алу бойынша тренингтер өткізу жоспарлап отырғанын атап өтті.

Бұған дейін Астанада бір ауланың балалары достарын үйдің 12-қабатынан лақтырып жібермек болған еді.

Другие новости

Back to top button