Культура

«Осыншалықты екіжүзді болар ме едің?!»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс әйелі желіде жазба жариялады

Танымал шоумен, актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс жұбайы, блогер Фариза Алмазқызы шындықты айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Айта кетейік, отандық киножұлдыз журналист Анна Данченкоға сұхбат беріп, экс әйелінің сөздерін жоққа шығарған еді.

“Мен бәрін ашып жайып салсам, жерге кіретін тесік таппай қаласың ғой.Оны өзің де білесің. Біреудің айыбын ашпа деген қағиданы қатты ұстанып едім. Бірақ ақыма кіріп жатыр. Шыдамның де шегі бар. Керек емес жерде сабыр қылғанның өзі – харам. Кәдімгідей ақыма кіріп тұр. Маған ауыр тиіп жатыр. Үндемеді деген сөз – білгенімді істеп, ауызма келгенімді оттай беру емес. Түнде сұхбатты көріп, қатты ауыр тиді. Соншалықты екіжүзді бола ма екен?! Азанға дейін ұйықтай алмадым”, – деп жазды блогер келіншек.

Еске салайық, Фариза Алмасқызы ажырасу себебін де айтқан еді.

“Бір күні атам екеумізді шақырып алып “Нұрсұлтан өнер адамы, қатын табылады, ажырасыңдар” деді. Енем де мені жамандап, қостай кетті. Содан бөлек кеттік. Ажырасыңдар деген адаммен қалай бірге тұрасың. Сосын балама келсек, Айсұлтан диагнозына қарай агрессивті бала. Оның ашуланып, жылағанын жаймен қабылдаймын. Бірақ атам үнемі айқайлап, “оны ұру керек, мұндай балаларды ұрып тәрбиелемесе бетімен кетеді” деген сөзі қатты батқан жүрегіме”, – деп жазған еді блогер келіншек.

Фото: https://www.instagram.com/fariza.almazovna/

Бұған дейін, Айнұр Тұрсынбаева жайдарманшы Нұрсұлтан Жақсыгенге кеңес беріп, әйеліне қосылуға үгіттеген еді.

Другие новости

Back to top button