АлматыГлавное

Алматы балалар омбудсмені шатырдан құлаған қыздардың өліміне қатысты пікір білдірді

Алматы балалар уәкілі Диана Ерлан шатырдан секірген 7-сынып оқушыларына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Аталмыш жағдай сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

Балалар омбусмені тергеу шаралары жүргізіп жатқанын айтты. Ол облыстық балалар құқықтары жөніндегі уәкіл ретінде осы факті бойынша комиссия мүшесі атанған.

“Ата-аналар, қалада психологиялық көмек орталығы ашылды. Балалар буллинг көрсе, осы жерге жүгіне алады. Қазір Қазақстанда 100-ге жуық мектеп буллингке қарсы KiVa бағдарламасын Алматы қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебімен бірлесіп іске асырып жатыр. 2 мектеп осы бағдарламаны жүзеге асырды”, – деді Диана Ерлан.


Алматы қалалық білім басқармасы тиісті мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тарта отырып, мән-жайды зерделеу үшін комиссия құрды.

“Алматының Алмалы ауданында қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр”, – деп мәлімдеді қалалық білім басқармасы.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда екі оқушы қыз тоғызыншы қабаттан құлап мерт болғаны туралы жазған едік.

Другие новости

Back to top button