АСТАНАДА АУҚЫМДЫ PRO.NRG FEST 2024 “Tabigat & Science” ҒЫЛЫМИ ОТБАСЫЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬ ӨТЕДІ
2024 жылдың 21 қыркүйегінде елордада бүкіл отбасы мүшелері үшін ең ірі ғылыми-танымал — PRO.NRG FEST 2024 «Tabigat & Science» фестивалі өтеді
PRO.NRG FEST 2024 «Tabigat & Science» — бұл қазіргі ғылымның арқасында адам мен табиғаттың үйлесімді өмір сүруіне жаңа көзқарас туралы білуге болатын орын.
PRO.NRG FEST 2024 «Tabigat & Science» фестивалінде ғалымдар мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарына күрделі нәрселерді қарапайым тілмен түсіндіреді, ал мұғалімдер балаларға арналған сабақтарды қалай жарқын, тартымды және қызықты ету керектігін айтады.
PRO.NRG FEST Қазақстандағы ең ірі ғылыми-танымал фестивальдердің біріне айналды. Биыл фестиваль үшінші рет өтеді! Өткен жылы барлық отбасы мүшелеріне арналған бұл ағарту фестиваліне 6,5 мыңнан астам көрермен қатысты.
ФЕСТИВАЛЬДЕ СІЗДІ НЕ КҮТІП ТҰР:
- 30-дан астам ғылыми-көпшілік дәрістер, шеберлік-класстар, интерактивтер мен практикумдар,
- Бағалы сыйлықтар ұтыс ойынымен фестивальді геймификациялау,
- Ғылым мен өнер ынтымақтастығы: ғылыми шоу бағдарламасы, тірі тәжірибелер және қойылымдар,
- YEMAA Art Space жобасының арнайы көрмесі,
- Әр түрлі форматтағы көптеген маңызды контент,
- Білім беру экспонаттары, воркшоптар және презентациялар.
Фестивальдің негізгі мақсаты -заманауи ғылым арқылы адам мен табиғаттың үйлесімді өмір сүру мүмкіндігін көрсету.
PRO.NRG FEST 2024 «Tabigat & Science»Қазақстанда STEAM-білім беруді дамытатын «Caravan of Knowledge» корпоративтік қорының бастамасы бойынша өткізіледі.
S-science (ғылым), T – technology (технология), E – engineering (инженерия), A – art (шығармашылық) және M – mathematics (математика). Бүгінгі таңда STEAM-білім беру пәнаралық және қолданбалы тәсілдерді қолдануға, сондай-ақ барлық бес пәнді бірыңғай оқыту схемасына біріктіруге негізделген.
Фестивальдің үшінші мәрте бас серіктесі «Шеврон»компаниясы. Бұл компания ғылымға, жаңа технологияларға және тиімді білім беру шешімдеріне деген қызығушылықты арттыратын бағдарламаларды жүйелі түрде қолдайды.
Стратегиялық серіктес — Білім министрлігі.
Операциялық серіктестер— Целинный, УЕМАа, KilenHub.
Ақпараттық серіктес — Weproject.media
«NRG-Fest — еліміздегі отбасылық- ағарту тұжырымдамасы мен қатысушылар үшін еркін кіру мүмкіндігі бар жалғыз шара .Жылдан жылға біз білім беру контекстін ғана емес, сонымен қатар қоғамда жаңа шығармашылық ойларды тудыратын жаңа тақырыптарды талқылаймыз. Бұл жолы біз ғылымның әртүрлі аспектілері арқылы адамның табиғаттағы рөлін және табиғаттың адамда жүйе ретінде көрінуін көрсеткіміз келеді. Спикерлердің кәсібилігі бұл тақырыпты кез-келген жас санаты үшін ашуға мүмкіндік береді. Барлық тілек білдірушілер үшін құнды білім ұсыну Шеврон компаниясының қолдауымен мүмкін болып отыр»,— деп атап өтті «Caravan of Knowledge» қорының басшысы Зарина Биюмбаева.
PRO.NRG FEST 2024 ФОРМУЛАСЫ — Болашаққа дайындық: ғылым, табиғат және шығармашылық
Фестиваль барысында балалар үшін интерактивті аймақтар құрылады, онда олар өздерін нағыз ғалымдар ретінде сезінеді. Геймификация форматында олар инженерия мен ғылыми шығармашылықпен айналысады, жасанды интеллект арқылы ғарышты зерленеп, мемдер, аниме, фильмдер мен мультфильмдер арқылы тарихты зерттейді. Ең белсенді қатысушылар ақылды сыйлықтар ала алады.
Ата-аналар үшін сараптамалық дәрістер дайындалды, сондай-ақ ойындар арқылы өз баласын қалай дамыту керектігін, қазір білім берудегі трендтер, баланың мүдделерін ескере отырып, оның назарын қайда бағыттау керектігін біле алады.
ФЕСТИВАЛЬДІҢ ЗЕРДЕЛІ СПИКЕРЛЕРІ:
Алия Абдинурова, информатика пәнінің мұғалімі, PBL teacher. Жобалық оқыту шеңберінде ЖИ пайдалана отырып инновациялық шешімдерді әзірлеу
Максат Даулетказыулы, халықаралық бакалавриатта емтихан алушы. Ол директордың мектептегі рөлі туралы айтады: Бұл мәртебе ме, әлде миссия ма?
Жамиля Турдалы, National Geographic оқытушысы, «Ежегодник» баспа / цифрлық кітабының авторы. STEM EduComics: студенттерді STEM біліміне комикстер арқылы тарту.
Айгерим Абылкаирова, “Батыр”, “Сәлем Астана!”, “Қадам” балалар кітаптарының иллюстраторы. STEM EduComics: \студенттерді STEM біліміне комикстер арқылы тарту.
Алина Алимбаева, химия және биология пәнінің мұғалімі, директордың оқыту және тәрбие жөніндегі орынбасары. Ол ойын оқытудағы көмегі жайында пайымдайды.
Айткуль Жанаткызы, поп-мәдениет арқылы сабақ беретін тарих пәнінің гик -мұғалімі. Оның тақырыбы — поп-мәдениет арқылы тарих (Мемдер, аниме, фильмдер, мультфильмдер).
Хайдар Мурзахметов, Ол Тесланың әрекеттегі көріністері туралы айтып береді: разрядтар, жарық және жоғары кернеу.
Садыбекова Ботакоз, экология магистрі, экоактивист, экоэтнодизайнер, «Экология Консалтинг» компаниясының басшысы, «Экодос»компаниясының негізін қалаушы. Ол киімнің екінші өмірі-Upcycling туралы айтып береді.
Ерназар Абдикамалов, физика кафедрасының қауымдастырылған профессоры және Назарбаев Университетіндегі энергетикалық ғарыш зертханасының жетекшісі. Жасанды интеллект арқылы ғарышты зерттеу.
Нурсултан Зиядаев, «Естелік» жобасының жетекшісі, продюсер. Композитор, «Естелік» жобасының саундпродюсері. Ол қазақ халық әндерінің адам миына қалай әсер ететіні жайлы айтып береді?
Aidhn, «Естелік» жобасының жетекшісі, продюсер. Композитор, «Естелік» жобасының саундпродюсері. Ол қазақ халық әндерінің адам миына қалай әсер ететіні жайлы айтып береді?
Алия Сахариева, Tselinny.Studies жетекшісі — «Целинный»,заманауи мәдениет орталығы, цифрлық және технологиялық өнер саласындағы білім беру жобаларының кураторы. Оның тақырыбы: «Өнер, ғылым және технология. Әлемді құтқару».
Павел Яковский (Paweł Jaskólski), археолог, ғылымды насихаттаушы, тәрбиеші, жаттықтырушы, Польшадан келген фермер.
Иржи Влах (Jiří Vlach), ғылыми шоулар мен қойылымдардың авторы, Масарик университетіндегі ғылыми лагерьлер мен семинарлардың ұйымдастырушысы, Чехиядан келген STEM білім беру кітаптарының авторы.
БІЗДІҢ МҰҒАЛІМДЕР Science on Stage Europe — ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
Өткен жылы Science on Stage Europe ұлттық кезеңінің финалы фестивальдің бір бөлігі болды. Бұл әлемнің түкпір-түкпірінен келген мұғалімдерге арналған халықаралық фестиваль, онда олар ғылыми пәндерді оқытудағы озық тәжірибелерімен бөліседі. Байқаудың қазақстандық кезеңін «Caravan of Knowledge» қоры «Шеврон»компаниясымен серіктестікте ұйымдастырды.
Жеңімпаздар биылғы жылы біздің педагогикалық қауымдастықтың атынан Финляндияның Турку қаласында өткен Science on Stage Europe жаһандық финалына аттанды.
Міне, біздің жұлдызды оқытушыларымыздың есімдері:
— Салтанат Садыкова — Science on Stage KZ 2023 жеңімпазы,Шығыс Қазақстан облысы, Алтай қ. №7 орта мектебі;
— Ольга Давыдова — Science on Stage KZ 2023 жеңімпазы, Аршалы қаласындағы №2 жалпы білім беретін мектеп, тарих пәнінің мұғалімі;
— Каирпану Негманова — Science on Stage KZ 2023,Павлодар облысы, Ақсу қаласының» №7 орта мектебі » КММ, информатика пәнінің мұғалімі;
— Айжан Омарханова — Алматы қ. НЗМ;
— Аружан Сарбасова және Жумахан Амиржан — Шоқан Уәлиханов атындағы жеке меншік мектеп ;
— Инна Аксенова — Тараз қ. ФМН НЗМ;
— Шолпан Абишева — Алматы қ. ХББ НЗМ.
PRO.NRG FEST 2024 2024 жылдың 21 қыркүйегінде Астана қаласында, EXPO Astana халықаралық қаржы орталығы (AIFC), Мәңгілік ел даңғылы, 55/18, Есіл ауданы мекенжайы бойынша шоу, перфоманс, дәрістер және практикалық сабақтар элементтері бар білім беру фестивалі форматында өтеді.
PRO.NRG FEST 2024 на сайтында ТІРКЕУ МІНДЕТІМЕН КІРУ ТЕГІН
Фестиваль жайлы толық ақпарат сайтта Instagram және Facebook парақшаларында
Анықтама үшін
“Шеврон” — әлемдегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз сенімді, қол жетімді және таза энергия өркендеу мен тұрақты болашақ үшін қажет деп санаймыз.
«Шеврон» мұнай және табиғи газ өндірумен, ЖЖМ, мұнай-химия өнімдері мен қоспалар өндірумен айналысады және біздің бизнес пен саланы дамыту үшін технологияларды әзірлейді. Біздің мақсатымыз — біздің қызметіміздің көміртегі сыйымдылығын төмендету және дәстүрлі бағыттарымызбен қатар бизнестің төмен көміртекті бағыттарын дамыту. «Шеврон» компаниясы туралы қосымша ақпаратты www.chevron.com. мына жерден таба аласыз.
«Caravan of Knowledge» корпоративтік қоры Қазақстанда STEAM-білім беруді ілгерілетумен, мұғалімдердің кәсіби дамуымен, оқушыларды икемді және кәсіби дағдыларға үйретумен, олардың білім шекараларын кеңейтумен айналысады.