Алматы

Алматыда мектеп-гимназия бухгалтері 23 млн теңге жымқырғаны үшін сотталды

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық соты сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу бойынша Н.-ға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Кінәсін толық мойындаған

2019-2023 жылдар аралығында Алматы қаласындағы гимназиялардың бірінің бас есепшісі Н. оқу орнының банктік шоттарына қол жеткізе отырып «Интернет-банкинг» электронды жүйесі арқылы өзінің жеке шотына, сондай-ақ, басқа тұлғаның шоттарына ақшалай қаражатты негізсіз аударып отырған.

Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы – шамамен 23 миллион теңге.

Сотта сотталушы Н. өз кінәсін толық мойындап, оған бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады.

Прокурор сотталушыны 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сот үкімі

Сот сотталушы Н.-ны кінәлі деп танып, өз кінәсін мойындауының, куәгерлердің айғақтарының, маманның қорытындысының негізінде оны 7 жылға бас бостандығынан айырды.

Жаза тағайындау кезінде сот Н.-ға жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар ретінде: жасаған қылмысына өкінуін, материалдық залалды жартылай түрде өтегендігін, жас баласының болуын ескерді.

Іс бойынша жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталмады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Другие новости

Back to top button