Қызылордада секс-құлдықта болдым деген оқушы қызға еріктілер 200 мың теңгенің күшігін алып берді
Қазақстанда резонанс тудырған істердің бірі – Қызылорда қаласында алты ай бойы секс-құдықта болдым деген оқушы қызға еріктілер 200 мың теңгеге Шпиц тұқымды күшік сатып берген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бүгін Айтбек Амангелді оқушының өзі мен анасы үшін қанша жылу жиналғанын және ол ақша қалай жұмсалып жатқанын жазған. Айтбек Амангелді есепті ашық кестеге салып жария еткен.
Кестеге қарасақ, еріктілер бас аяғы 17 млн 984 мың 909 теңге жинаған. Оның 922 мың теңгесін жұмсап үлгерген.
Қыздың таксидегі ақшасы, қонақ үйдегі броны, билетінен басқа олар 100 мың теңгені НеМолчи қорына аударған. Қызын күнде ауруханаға апару үшін анасына тағы 100 мың теңге аударған. Және оқушы қызға 200 мың теңгеге шпиц тұқымды күшік сатып алып берген. Тағы 100 мың теңгені азық-түлігіне аударған.
Естеріңізге сала кетейік, Қызылордада мектеп оқушылары 16 жастағы қызды алты ай бойы құлдықта ұстап, бопсалар, оны жезөкшелікке салды деген ақпаратты алғашқылардың бірі болып Немолчи қоры жазған. Кейін брифингте олар қатарластары қыздың жалаңаш суретін алып алып, оны сонымен қорқытқаны және жезөкшелердің анкетасы бар сайт арқылы сатқаны белгілі болды.