Социум

Алаяқтарға WhatsApp арқылы төрт сағат сөйлесіп кредит алып беріп алдандым

Түркістан облысының тұрғыны Сәуле (аты өзгертілген) есімді азаматша ресейлік алаяқтарға алданып кредиттер алып берген, — деп хабарлайды Мatritca.kz тілшісі.

15  тамыз күні жәбірленуші Сәуленің телефонына 1414 нөмірінен код келеді. Артынан белгісіз нөмірден қоңырау келіп түскен. Қоңырауға жауап берген сәттен бастап алаяқтардың алаяқтық жоспарлары жүзеге асқан.

«15 тамыз  күні сағат 12:00 шамасында белгісіз нөмірден қоңырау түсті. Орыс тілінде өзін бір оператордың  менеджерімін деп таныстырды. Менің телефон нөмірімнің біту уақыты аяқталып қалған екен соны ұзартасыз ба деп сұрады. Мен келісім беремін деп жауап бергенде сізге код жібердік соны айтсаңыз болды деді. Мен ол кодты қарбалас болғандықтан бірден айтып жіберіппін. Содан кейін төлемдерді қай банктен салатынымды және қай салада жұмыс жасайтынымды сұрады. Мен өзіме ыңғайлы Kaspi қосымшасын айттым. Ол маған қазіргі таңда «Халық банк» қосымшасында тұрақты жұмыскерлерге  өте тиімді акциялар болып жатқанын мәлімдеді. Осы диалогтан кейін қоңырау үзілді» деді Сәуле ханым.

Алаяқтар бұнымен қоймай, ары қарай жоспарларын жүзеге асыруға кіріскен. Халық банктің қаржы бөлімінің бас маманы ретінде өзін  растайтын құжатын да жіберген.

Сәуленің жеке архивінен

«Арадан  20минут өткенде WhatsApp (уатс ап) желісінен қоңырау келді. Тұтқаны көтергеде тағы да орыс тілінде өзінХалық банктің қаржы бөлімінің бас маманы Руслан Алиев деп таныстырған азамат менің осы банктегі қосышама онлайн кредиттен арыздар түсіп жатқанын мәлімдеп, кредит алып жатқан сіз бе деп сұрады. Мен еместігімді айтқанда онда алаяқтар шығар, сіз біреуге бір ақпарат не код айттыңыз ба деді. Мен жаңа ғана оператор менеджері қонырау шалғанын код айтқанымды айтып бердім. Олар біз бірден іске кірісіп сізге көмектесеміз, уайымдамаңыз алаяқтардың алдын аламыз деп сендірді. Содан сіздіАстанадағы, ұлттық қаржы орталығының мамандарынақосамыз. Сол сізге көмектеседі деді»дейді Сәуле.

Арасын суытпай екінші алаяқтан WhatsApp (уатс ап) желісінен қоңырау түсіп Милана есімді азаматша Сәулеге жаны ашығандай сөздер айтып бірден көмектесуге кіріскен. Келеңсіз жағдайға тап болғаннан қорыққан жәбірленуші Милананың айтқандарын 3 сағат бойы тапжылмай орындаған.

 «Қорыққаннан ба бұл әрекеттерді қалай жасағанымды білмеймін. Бірақ үш сағат бойы бірнеше банк пен займдардан кредит рәсімдеп бергеніме сене алмадым. Көзі ашық оқыған адам ретінде бұл әрекетті өзім жасадым демеймін. Бір «гипноз» сияқты дүние жасалды. Соңында кешкі бесте анаңыздың Халық банк қосымшасын тексерейік дегенде көзім оттай ашылып, миым іске қосылды. Шамасы гипноз күші сол уақытта тарқаған сияқты және  алаяқтар екенін түсіндім де бірден Халық банкіне жүгірдім. Олар маған барма деп көндіруге тырысып, алаяқ сонда отыр дегенде бәрі кеш болғанына өкіндім. Милананың айтқаны  сіз айтқан код арқылы «еговтан» барлық ақпараттарыңызды алып атыңыздан алаяқтар кредиттер рәсімдеп жатыр. Біз оларды блогқа қойып, алған кредитті аппелация беру арқылы банктің өзіне қайтарамыз деп сендірді. Ол үшін тағы бір телефон, ақпараттар құпия тарап кетпеу үшін бөлмеңізге кіріп есікті жауып отырыңыз деп ескертті. Мен сыртта болғандықтан тез арада үйге келдім. Сол уақыттың бәрінде Милана байланыста болды. Үйге келе сала анамнан телефонын алып бөлме ішінде айтқандарын орындадым. Бірінші Каспи қосымшасынан бір миллион кредит алдық. Оны Халық банк қосымшасына үш бөліп аудардық. Сол қосымшадан ақшаларды өз нөмірімді жазу арқылы шешіп алғызды. Одан кейін  Халық банк, Bereke банк, Jusan банк және бірнеше займдардың қосымшаларын тартып дәл осылай кредит алуға ұсыныстар жібердік. Көбінен отказ болған екен. Оны келесі күні банктерге барып тексергенде білдім. Сонымен Kaspi банкінен 1 миллионға, «Solvo», “MoneyMan” деген займнан 500 мың теңгеге алаяқтарға алдандым»дейді Сәуле.

Сәуленің айтуынша оқиғаның соңы алаяқ табылғанымен, нақты алаяқ ол болып шықпаған. Себебі Сәулеге хабарласқан WhatsApp (уатс ап) желісіндегі нөмірдің иесіне ресейлік алаяқтар осы желіні алаяқтардан сақтандырып береміз деп код орнаттырып дәл Сәулені алдағандай бір күн бұрын хабарласып, алдап кредитке отырғызып кеткен.  

Халыққа айтатын өтініші орыс тілінде хабарласқан кез келген менеджерге тек қазақ тілінде сөйлесіңіздер. Өйткені ресейлік алаяқтар қазақ тілін білмейді және жауап бере алмайды. Алаяқтан тез құтылудың жолы осы екен дейді.

Ескерту!

Полиция қызметкерлері хабарлағандай, егербелгісіз нөмірден ақша аударуыңызды сұрап немесе «қиындыққа тап болған жақын адамнан» қоңырау түссе, әңгімені дереу тоқтату қажет. Полицияға, банкке хабарласып, анық-қанығын білу үшін таныстарыңызға қайта қоңырау шалыңыз. Бұл ақпарат зиянды сілтеме бойыншаөтуді, дауыс беруді талап ететін хабарламаларға да қатысты. Ең бастысы – жеке деректерді ешкімге таратпау. 

 

 

Другие новости

Back to top button