Социум
Иран Израильге шабуылды осы аптада жасайды – БАҚ
Израиль мен АҚШ билігі бірнеше күнде Иран тарапынан соққы жасалады деп алаңдап отыр. Бұл туралы батыс бұқаралық ақпарат құралдары жазып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
АҚШ Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің стратегиялық коммуникациялар үйлестірушісі Джон Кирби шабуыл «осы аптада» жасалады деген қауіп бар екенін айтқан.
«Қазіргі уақытта Иран мен оның одақтастарының шабуылы қандай болуы мүмкін екенін айту қиын. Бірақ біз ауыр соққылардың сериясына дайын болуымыз керек», — деді Кирби.
Израиль билігі әскердің жауынгерлік дайындықтың ең жоғары деңгейінде екенін жариялады. Айта кетерлігі, ресми Тегеранды шабуылдан бас тартуға «көндіруге» бағытталған дипломатиялық келісімдер жалғасуда. 15 тамызда Израиль мен ХАМАС арасындағы Газадағы атысты тоқтату туралы келіссөздердің жаңа раунды Таяу Шығыстағы жағдайды жоюда шешуші рөл атқаруы мүмкін.