Алматы
Алматыда қалалық аурухананың жанынан әйелдің жалаңаш мәйіті табылды
Әлеуметтік желіде Алматы қаласы №1 емханасының жанында әйел адамның киімсіз мәйіті табылғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы қаласының полиция департаменті бұл ақпаратты растады.
«Зорлық-зомбылықпен өлім белгілері жоқ адамның мәйітін табу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өлімнің себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды», — деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда үйдің кіреберісінен ер адамның мәйіті табылды