Алматинская область
Қонаев қаласында 2 жасар бала пәтерде жалғыз қамалып қалған (ВИДЕО)
Алматы облысының Қонаев қаласында 2 жасар бала ата-анасының қарауынсыз қалып, пәтер ішінде жалғыз қамалып қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құтқарушылар пәтерге балкон арқылы кіріп, баланы ата-анасына тапсырған.
«Оқиға қалалық көпқабатты үйлердің бірінде орын алды. Ересектердің қарауынсыз қалған бала пәтер ішінде жабылып қалды. Бала зардап шеккен жоқ, медициналық көмек қажет емес», — деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.