Жетысуская область
«62 млн теңгені ұрлап әкеткен»: Жетісу облысында фармкомпанияға қарақшылық шабуыл жасаған қылмыскер ұсталды
Жетісу облысында полиция фармацевтикалық компанияға қарақшылық шабуыл жасап, 62 миллион теңге ұрлаған қазақстандықты ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға туралы ақпаратты Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Бауыржан Аленов Instagram парақшасында жариялады.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы облысының полицейлері Жетісу облысы Алакөл ауданының аумағында іздеуде жүрген 42 жастағы қылмыскерді ұстады», — деп жазды ол.
Аленов ер адамның қарақшылық жасағаны үшін іздестірілгенін түсіндірді.
«2019 жылдың сәуірінде ол атыс қаруымен қорқытып, фармацевтикалық компанияға қарақшылық шабуыл жасап, 62 миллион теңгені иемденді», — деді ол.
Қазақстандық қамауға алынды, полиция қылмыстың барлық егжей-тегжейін анықтайды.