Нур-Султан

Астанада екі жасар баланы күтушісі тұншықтырып өлтірді

Астанада екі жасар баланы күтушісі тұншықтырып өлтірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға туралы ақпарат желіде пайда болды. Екі жасар бала тұншығудан қайтыс болды деп хабарланды. Кісі өлтірді деген күдікпен 38 жастағы бала күтуші ұсталды.

Полиция бұл фактіні растады.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп жауап берді Астана ПД.

Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.

Другие новости

Back to top button