Социум

Германияда мәйіті табылған қазақстандық әйелдің қолы мен мойнынан пышақ жарақаттары анықталды

Германияда өлтірілген қазақстандық әйелдің қолынан, мойнынан және бетінен пышақ жарақаттары табылды. Бұл туралы Stankz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұған дейін Германияда із-түссіз жоғалып кеткен қазақстандық Айгүл Сайлыбаеваның денесі табылғаны туралы хабарлаған едік.

Марқұм 40 жастағы Айгүл Сайлыбаева Шеффилдте (Англия) білім алып, кейін Астанада судья болып жұмыс істеген. Соңғы жылдары ол күйеуі, қызы және қайын енесімен бірге Германияның Бенсхайм қаласында тұрған. 4 маусым күні таңертең Сайлыбаева екі жасар қызы Жаклинді балабақшаға алып кеткен. Содан бері әйелді ешкім көрмеген. Жексенбі күні әйелдің полиэтилен пакетке салынған мәйіті қаланың шетінен табылды.

Германиялық Bild басылымының мәліметінше, жәбірленушінің қолында, мойнында және бетінде пышақ жарақаттары бар екені анықталған.

«Болжам бойынша төбелес болған. Әйелге біреу шабуыл жасаған, ол өзін-өзі қорғауға мәжбүр болған», – делінген тергеушінің жауабында.

Прокуратура қылмыстық іс бойынша әлі күдікті жоқ екенін мәлімдеді.

Еске салсақ, бұған дейін Германияда тұратын қазақстандық әйел із-түссіз жоғалып кеткені туралы жазған едік. 17 маусым күні әйелдің денесі қала шетіндегі карьерлердің бірінен табылды. Мәйіт полиэтилен пакетте оралған күйде табылған. 

Другие новости

Back to top button