Жамбылская область
Таразда құтқарушылар екі оқушы қызды аман алып қалды
Таразда екі қыз бала суға батып кете жаздады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Тараз қаласында жедел-құтқару жасағының құтқарушысы Айдос Әбілда демалушылар арасында рейдтік алдын алу жұмыстарын жүргізу кезінде 2012 және 2014 жылы туған екі қыз баланы құтқарды», — делінген хабарламада..
Баспасөз қызметінің мәліметінше, балалар демалыста әкесімен бірге болды.