Асырап алған балаларына қорлық көрсетті деп айыпталған шымкенттік емші Ұлықбек Смановтың бірнеше «емдік сеансын» желі қолданушыларның бірі жүктеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеоларда көргеніміздей Сманов адамдарды қазақ әндерінің мақамына салып емдеген. Ер адамдардың бірі тәуіптің белінен ұстап ырғала билесе, әйелдер тобы эстрада әншісі Ақбота Керімбекованың хит әні «Аппақ гүлдерді» орындап, бір орында теңселіп тұр. Тағы бір бейнежазбада Ұлықбек Сманов кәсіби әншілердей клип түсірген. «Балам әнім» деген әсем әнді шырқайды.
Желі қолданушылары әртүрлі пікір қалдырған.
«Мынау өтірік емшінің өзі ма, ешқандайда ауытқу жоқ басында. Жоспарды мықтап құрған адам ғой мынау. Өтірік бала жақсы көріп клип түсіреді, одан халық емдейтін емші әбден сенімге кірген соң бала асырап алып», «Емші емес әнші екен ғой»,» Бала асырап алу үшін клип түсірген бе» дейді көпшілік.
Еске салайық, 6 баланы асырап алып оларға мысықтың еті мен зәрін берген шымкенттік емші Ұлықбек Сманов таяуда ұсталған. Оның қамқорлығына алған балалардың ең үлкені 16 жаста болса, кішісі 3 жаста. Жауыздықтан жапа шеккен ересек екі бала бейімделу орталығына, тағы төртеуі балалар үйіне бағытталған. Ер адамның өзі «сандырақ синдромы» диагнозымен Талғардың психикалық ауруханасында жатыр. Ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған, қазір іс сотқа жолданды. 18 маусымда сот жабық түрде өтпек.